Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы 20 заңсыз келімсекті Қазақстан аумағынан шығарды

Алматы полициясы 20 заңсыз келімсекті Қазақстан аумағынан шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының көші-қон қызметі жақында Алматыдағы тұрғын аудандардың бірінде жүргізілген рейд қорытындысы бойынша осындай мәліметтерді келтірді.

Мұнда бөлімшенің мәліметінше, өндіріс орындарының бірінде көрші мемлекеттің 41 азаматы анықталды.

– Олар рұқсат беру құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Олардың 20-сы соттың ұйғарымымен Қазақстан Республикасынан шығарылса, екеуіне әкімшілік айыппұл салынды, тағы 19 құқық бұзушы жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге шара қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру