Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы әуежай аумағындағы тәртіпті бақылауда ұстайды

Алматы қаласының полициясы Алматы әуежайындағы тәртіпті өз деңгейінде бақылауда ұстайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы халықаралық әуежайында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке такси жүргізушілерінің Алматы қаласына келген азаматтардың мазасын алу дерегінің жолын кесу мақсатында күн сайын учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілікке кіріседі.

– Алматы қалалық халықаралық әуежайы – қаланың көрікті жерлерінің бірі. Сондықтан оның аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері аталған салада ҚР ӘҚбК-нің 449-бабының нормаларын бұзу бойынша 124 дерек, сондай-ақ ҚР ӘҚбК-нің 163-бабы бойынша 13 дерек анықталды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережесін бұзған мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақыт Мырзағали.

Сондай-ақ оның айтуынша, жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басты мақсат – олардың тарапынан азаматтар мен шетелдіктерге қатысты заңсыз әрекеттердің алдын алу.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру