Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы азаматтарға арнайы бетперде таратуда

Алматы полициясы азаматтарға есірткіге қарсы арнайы бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл науқан Ішкі істер Министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Алматы полициясына үш мың дана көлемінде есірткіге қарсы логотипі бар қайта пайдалануға болатын медициналық бетперделер жеткізілді. Өткен демалыс күндері тәртіп сақшылары оларды қала тұрғындары арасында таратты.

– Бұл науқан азаматтардан жағымды жауаптар алды. Маскалар өте сапалы, оларды қайта қолдану ыңғайлы. Оларда есірткіні пайдалануға қарсы логотип бар. Дәл осы логотип көптеген азаматтарды қуантты, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Спикердің айтуынша, қорғаныс маскаларын таратуға патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру