Алматыда полиция балалардың жол қауіпсіздігі туралы әлеуметтік ролик дайындады
Алматыда полиция “Жаяу жүргінші” ЖПІШ аясында балалардың жол қауіпсіздігі туралы әлеуметтік ролик дайындады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы “Жаяу жүргінші” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында барлық жол қозғалысына қатысушының назарын балалардың жол қауіпсіздігі мәселелеріне аударуға бағытталған әлеуметтік ролик дайындады.
- Бейнероликтің басты мақсаты – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын, әсіресе білім беру мекемелерінің жанында және балалар белсенді қозғалатын жерлерде сақтаудың маңыздылығын ескерту. Жүргізушілерді жолда аса сақтықпен жүруге, жаяу жүргіншілер өткелдері мен аула аумақтарына жақын жерде жылдамдықты азайтуға, ал ата-аналарды балаларына жолда қауіпсіз жүру негіздеріне үйретуге шақырамыз, — деді Түрксіб аудандық ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Дархан Қылышбаев.
Сондай-ақ полиция жүргіншілердің, әсіресе кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың жолда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталғанын атап өтті.
Алматы полициясы бұл бағытта түрлі профилактикалық әдістерді, соның ішінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және әлеуметтік бастамаларды қолдана отырып, белсенді жұмысты жалғастыруда.