Алматы полициясы бір жылға жуық іздеуде болған алаяқты ұстады
Алматы полициясы бір жылға жуық іздеуде болған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы Талғар қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 33 жастағы Б.есімді ер адам ұсталды. Ол өзінің қылмыстық жоспарын 2019 жылы жасады, содан кейін қаскөй өзінің алғашқы құрбандарымен кездесті.
– Б.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу үш қылмыстық эпизодты дәлелдеді. Ал жалпы шығын көлемі 12 миллион теңгеден асады. Қаскөй алдын ала ойлап тапқан жоспар бойынша «жұмыс істеді». Ол адамдардың сеніміне кіріп, кепілдікке қойылған көліктерді нарықтық бағадан төмен соммаға сатып алуды ұсынды. Жәбірленушілерге интернеттен алынған көліктердің суреттерін көрсетті. Адамдар «сатып алу» үшін 100% төлем төледі, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Бұрын жас жігіттің заңмен ешқандай мәселесі болмаған. Полиция қызметкерлері бұл адамның қолынан зардап шеккендердің көп екендігіне сенімді. Оның заңсыз әрекеттерінің қайталанғанын ескере отырып, осы адамның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-775-106-1884; 8-775-774-4441.