Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы бірінші сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы айтты

Алматы полициясы бірінші сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің басшысы Серік Шумаев бірінші сынып оқушыларына бағыттаушы болды.

– Құрметті балалар! Алматы қаласы полиция департаментінің атынан сіздерді Білім күнімен құттықтаймын! Біз сіздерді ұзақ демалыстан кейін әдемі, бақытты, ең бастысы сау көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздер саналы ересек өмірге қадам басып жатырсыздар, сол үшін біз сіздерді құттықтаймыз! Бүгінде Алматы жолдарындағы жағдай қиын: өкінішке қарай, балалар жол-көлік оқиғаларынан жарақат алып қалады. Тіпті бір баланың өмірі – сіз үшін, біз үшін, қоғам үшін үлкен трагедия . Ендеше, құрметті жол қозғалысына қатысушылар, балаларға мектепке қауіпсіз жолмен барып-қайтуын қамтамасыз етейік, – деді Шумаев.

Серік Шумаев бұл күндері қалада балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған “Назар аударыңыз – балалар!” жалпы республикалық іс-шарасы өтіп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру