Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы бірнеше пәтерді тонаған күдіктілерді ұстады

Алматы полициясы бірнеше пәтерді тонаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полицияның мәліметінше, Түркістан және Қызылорда облыстарынан келген екі адам бірнеше пәтер тонауға қатысқан.

Жедел уәкілдердің айтуынша, тергеудің осы кезеңінде олардың кем дегенде төрт пәтер тонауына қатысы бар екендігі белгілі болды.

– Арнайы іс-шараны криминалдық полиция қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді. Күдіктілер “Құлагер” шағын ауданындағы үйлердің біріндегі пәтерден шыға берісте ұсталды. Олар бөтен адамның жиған-тергені мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Екі күдікті де қамауға алынды. Олардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру