Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: екі кафе түнде қонақтарды қабылдаған

Алматыда түнде қонақтарды қабылдаған екі кафе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл мекемелер Алматы қаласының Алмалы ауданында, Шевченко көшесінде орналасқан.

Түннің бір уақытында, тексеру кезінде 30 адам “Веселидзе” кафесінде уақыттарын өткізген, ал, қабырғаның ар жағында орналасқан “Бакинский бульварында” 60-қа жуық демалушы анықталды.
Осы мекеме басшыларына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды.

Шешім қабылдау үшін материалдар Алмалы ауданы бойынша УККБТУ-ге, юрисдикцияға сәйкес беріледі.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру