"Facebook-ке" полицияның "102" учаскелік инспекторы тіркелді
Алматы қаласының Полиция департаменті бұл Ішкі істер министрлігін реформалаудың, сондай-ақ "Еститін мемлекет" қағидатын жүзеге асырудың кезеңдерінің бірі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Бүгін қалада "102" учаскелік полиция пункттері жұмыс істейді, оларда 572 учаскелік полиция инспекторлары қызмет етеді. Олардың 102-сі аға учаскелік офицерлер болып табылады. Олар бірінші болып "Facebook"-ке тіркелді. Мақсат - азаматтармен байланыс арналарын құру және кері байланыс орнату. Бүгінгі таңда электронды ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан көптеген сигналдар аламыз. Бұл өте ыңғайлы. Қоғамдық саналылық пен белсенділіктің арқасында біз кішігірім құқық бұзушылықтарды ғана емес, сонымен қатар, қылмыстарды да жедел анықтай аламыз. Аға учаскелік инспекторлардың парақшалары туралы мәліметтерді учаскелік полиция Басқармаларының басшыларының парақшаларынан табуға болады, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Спикер таяу уақытта барлық учаскелік инспекторларды әлеуметтік желілерде тіркейтіндігін, олардың кіші аумақтарындағы тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болуын және олардың өтініштеріне жедел жауап беруін атап өтті.