Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: фирмалардың бірінің кеңсесінен 105 миллион теңгесі бар сейф ұрланды

Алматыда фирмалардың бірінің кеңсесінен 105 миллион теңгесі бар сейф ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер анықталып, қамауға алынды.

– Бұл қылмыс 31 тамызға қараған түні болды. Рысқұлов даңғылында орналасқан қалалық фирмалардың бірінің кеңсесінен белгісіз адамдар 105 миллион теңге салынған сейфті ұрлап кеткен. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Компаниялардың бейнебақылау камераларындағы деректер зерттелді: қаскөйлер беттерін мұқият жасырды. Бірақ, жедел іс-шара көрсеткендей, белгісіз қалуға тырысу нәтижесіз болды. Күдіктілердің екеуі де анықталып, қамауға алынды. Бұл 1992 және 1993 жылдары туылған жергілікті тұрғындар. Бұған дейін олар мүліктік қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған. Айғақты заттар, оның ішінде ұрланған ақшалар. Іс жүргізу тәртіпте олар шын иесіне қайтарылды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Фирманың басшысы Виталий Ким, өз кезегінде, полиция қызметкерлеріне осы қылмыстың жедел ашылғаны үшін ризашылығын білдірді.

– Мен полиция қызметкерлеріне осы қылмысты тез арада ашқаны үшін алғыс айтқым келеді. Бұл біз үшін маңызды: біз үш ағайындымыз, біз Ресейден құрылыс материалдарын жеткізу бойынша бірлескен кәсіп жүргіземіз, – деп сөзін аяқтады жәбірленуші.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру