Алматы полициясы фотоаппарат ұрлығының бетін ашты
Алматы полициясы фотоаппарат ұрлығының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде курьер сөмкесін асынған жас жігіттің ұрлығы түсірілген видео тараған болатын. Қылмыс Абылай хан даңғылы бойындағы дәмханалардың бірінде жасалғаны белгілі болды.
– Осы қылмысты жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды, ол курьер атын жамылып, мекеме әкімшілігінің кеңсесіне кіріп, қымбат фотоаппаратты ұрлап кеткен. Күдікті бұл ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат қамауға алынды, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.