Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы интернет-алаяқтардың белсенділігі артқанын ескертеді

Алматы полициясы “инвестициялық” алаяқтардың белсенділігі артқанын ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы Киберполы интернет-алаяқтықтың ең танымал түрлері туралы ескертті.

– Ақпараттық ресурстарда және әлеуметтік желілерде ақшаны табысты бизнеске кепілдендірілген инвестициялау, сондай-ақ ай сайынғы дивидендтер мен бонустары туралы хабарландырулар орналастырылады. Әдетте, алаяқтар шетелдік немесе қазақстандық банк карталарына, сондай-ақ электронды әмияндар мен басқа да төлем жүйелері арқылы ақша аударуды сұрайды. Адамдардың сеніміне кіру және басқа да құрбандарды тарту үшін олар бастапқы кезеңде аз мөлшерде ақша төлейді. Әдетте, алғашқы төлемдер алаяқтықтың жаңа құрбандарының салған қаражатынан жасалады. Қомақты сомма жинаған соң, алаяқ төлем жасауды тоқтатады, – дейді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.

Полиция азаматтарды қырағылыққа, сақ болуға және аңғал болмауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру