Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ірі алаяқтықтың құрбандарын іздеп жатыр

Алматы полициясы Қытайдан тауар алып келемін деп 36 адамды сан соқтырған ірі алаяқтықтың құрбандарын іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке 28 жастағы азаматша ілікті. Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, әйел адам Қытайдан халық тұтынатын тауарларды жеткізгені үшін азаматтардан ақша алған.

– ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркелген тергеудің осы кезеңінде, ресми арыз берген 36 адам жәбірленуші деп танылды. Бұл – жеткізуші мен сатып алушылар арасында менеджер (делдал) қызметін атқаратын сатып алушылар. Келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Жәбірленушілердің бұдан да көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты, біз оларды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-775-222-24-51; 8-777-080-97-97 және 8-701-125-38-30, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру