Алматы полициясы іздеуде жүрген ұрыны ұстады
Алматы полициясы іздеуде жүрген ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы Қарасай ауданының полициясы бірқатар мүліктік қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 34 жастағы Н.есімді азамат ұсталды.
– Ұрлық дерегі бойынша жергілікті екі тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреу сканерлеу арқылы көліктерін ашып, азаматтардың жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Оның қайда екендігі бейнебақылау камераларының көмегімен белгілі болды. Күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін де бірнеше рет бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған.