Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы кеңсе ұрысын ұстады

Алматы полициясы кеңсе ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселе бірқатар ұрлық жасады деп күдіктелген 25 жастағы К.есімді ер адам жайында. Ол бірқатар мүліктік қылмыстар жасаған.

– Ұсталған адам көбінесе кеңселерден ұрлық жасады. Түнде есік немесе терезе арқылы ғимаратқа кірген. Ол қолына іліккен барлық нәрсені алып жүрді: мейлі ол телефондар, планшеттер, ноутбуктар. Бейнебақылау камерасында жас жігіттің Абай даңғылында орналасқан кеңсеге қалай кіргені және өзінің қалта жарықтандырғышымен жарықтандырып, барлық сөрелерді ақтарғандығы жазылған. Ол қолына ноутбук ұстап көшеге шықты, – деді Алмалы АПБ-ның бастығы Есен Ысқақов.

Полицияның мәліметінше, күдіктінің Алмалы ауданы аумағындағы тағы бірнеше ұрлыққа қатысы бары анықталды. Ұсталған адамның өзі осы қылмыстарға қатыстылығын жоққа шығармайды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Белгілі болғандай, бұған дейін К. осыған ұқсас қылмысы үшін жазасын өтеп шыққан. Күдікті ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру