Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Кенталдың әрекетін адамдардың қайғы-қасіретін мазақтау деп атады

Алматы полициясы Кенталдың әрекетін адамдардың қайғы-қасіретін мазақтау деп атады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында ішкі істер органының қызметкері болмаса да, полиция қызметкерінің формасын киген, сахналық атауы «Кентал» болып табылатын Кенжеболатов Талғат видео үндеу жариялаған: «Бәріне сәлем, күйзелісті басынан өткеріп жүрген, қиындығы бар, жаны ауырып жүргендер, жұмысында, отбасында қиындықтары бар достар! Біреуді несие жеп бара жатқан болар. Уайымдамаңыздар. Біз бәрібір бәріміз өлеміз», – деп көңілді әуенмен аяқтайды.

«Бұл бейнеролик көпшіліктің наразылығын және жағымсыз реакция тудырды. Көптеген азаматтар оны қатардағы полиция қызметкері деп ойлаған, сондықтан оның сөздерін сынға алды. Мен ойлаймын, Т.Кенжеболатовтың әрекеті қазақстандық полицияның беделіне айтарлықтай нұқсан келтірді және оның беделін түсірді, ал тәртіп сақшылары дәрігерлермен қатар – алдыңғы шепте адал қызмет етуде. Өкінішке орай, бұл апат біздің қатарымызды да аямады. Барлығына қиын-қыстау кезеңде Т.Кенжеболатов азаматтардың наразылығын тудырған ақылға қонымсыз бейнені жүктеуге рұқсат берді. Бұл бейненің қашан және қандай жағдайда түсірілгені маңызды емес. Ең бастысы, оны автор қазір коронавируспен бетпе-бет келген мыңдаған отандастарымыздың қайғысы мен уайымын мазақ етіп жариялады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, өнер өкілдері мен шығармашылық зиялы қауымға жүгінгім келеді. Сіздер әйгілі танымал тұлғасыздар, адамдар сіздерді жақсы көреді, сіздерге сенеді. Сіздердің әрбір сөздеріңіз тура мағынада қабылданады. Қазір лайк пен хайпты санаудың уақыты емес. Бізді жерлестерімізден аяусыз айыратын қорқынышты аурумен күресуге бірігейік. Барлығымызды карантин режимін сақтауға, маскалар киюге және әлеуметтік қашықтықты құрметтеуге шақырайық. Бұл жерде сіздің көмегіңіз нақты әрі баға жетпес болады», – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру