Алматы полициясы көлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді
Алматы полициясы көлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полицейлері көлік ұрлаудың 10 дерегінің бетін ашты. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Audi автокөліктерін ұрлауды әдет еткен Жетісу облысының 35 жастағы тумасы ұсталды.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол өз қылмысын мойындады. Ұрланған 6 көлік бүлінбеген күйінде табылды, олар қылмыстық іске заттай айғақ ретінде қосылды, күдіктінің айтуынша, тағы екі көлікті сатып үлгерген. Қазір қалған көліктердің қайда екендігі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.