Алматы полициясы көлік ұрысын ұстады
Алматы полициясы көлік ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“102” пультіне Toyota Camry көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті: қала бойынша “Ұстау” жоспары енгізілді.
– Автокөлік иесінің дүкенге кіріп кетіп, кілттерді оталғышқа тастап кеткендігі белгілі болды. “Буран – 315” патрульдік экипажы Сүйінбай даңғылы мен Баянауыл көшесінің қиылысында іздеп жүрген көлікті байқап қалған. Көлік ұрысы ұсталды. Қылмыстың себебі мен өзге де мән-жайлары анықталып жатыр, – дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.