Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы көліктерге заңсыз жарнама орнатқан жүргізушілерді анықтап жатыр

Алматы полициясы көліктерге заңсыз жарнама орнатқан жүргізушілерді анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің мәліметінше, соңғы уақытта такси режимінде жолаушыларды тасымалдайтын заңды және жеке тұлғалардың ҚР-ның жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзу деректері жиілеп кеткен.

Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметі басқармасының алдыңғы саптағы бөлімшелері жарнамалық құрылымдарды, лайтбокстарды, электронды панноларды, плоттер мен стикерлік жарнаманы орнатуға байланысты заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Бұрын хабарланғандай, оларды орнату және көлік құралының борттық желісіне қосу көбінесе ҚР СТ 31306 «Автокөлік құралдары. Сыртқы беттерде жарнаманы орнату», ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 5-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және басқа да техникалық талаптар сақталмай жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру