Алматы полициясы коммуналдық желілердің қыс мезгіліне дайындығын тексерді
Алматы полициясы коммуналдық желілердің қыс мезгіліне дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz
«Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының қыс мезгіліне дайындығын полиция қызметкерлері тексерді.
– Кестеге сәйкес, техника, құрал-жабдықтар, жұмыс инвентарлары мен шығын материалдары, тазалау жабдықтарының бағыттары, сондай-ақ, қызметкерлер құрамы тексерілді. Мақсат – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын азайту және жауын-шашын кезінде азаматтарға қауіпсіз жағдай жасау. Тексеру кезінде барлық нюанстар ескеріледі – тіпті аймақтарға шеберлерді тағайындау, қосымша қызметкерлерді тарту туралы келісім-шарттар, тазалау жабдығының болуы және тазалау жабдықтарына қызмет көрсетуге арналған келісімшарттар. Коммуналдық кәсіпорындарды тексерудің бірінші кезеңі қарашаның 15-не дейін жүргізіледі, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
«Алматы тазалық» КМК директоры Әділет Тоқтасыновтың айтуынша, қыс мезгіліне толық дайын.
– Бұл жұмысқа 714 техника жұмылдырылады, оның 94-і мердігерлер арқылы. Жолдардағы жағдай ушығып кетсе, жұмысқа қосымша бір мың адамды тартуға мүмкіндігіміз бар, – деді ол.