Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы күзетшілердің кәсіби дайындығын тексерді

Алматы полициясы күзетшілердің кәсіби дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы күзет қызметін, кәсіби дайындық талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруда.

– Әртүрлі меншік нысанындағы обьектіні жоғары, білікті күзетпен қамтамасыз ету – қаладағы заңдылық пен құқық тәртібін сақтауда және қылмыспен күресте үлкен көмек екенін бірнеше рет айтқанбыз. Тәжірибеде күзетшілердің құқық бұзушылықты тоқтатып, қылмысты ашуға көмектескен жағдайлары кездеседі. Сондықтан білікті кадрларды қалыптастыру өте маңызды. Кейде азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты күзетшілердің жеделдігі мен табандылығына байланысты болады, – деді Алматы қалалық ПД күзет қызметін қадағалау басқармасының бастығы Нұрбол Қамаубаев.

Спикердің айтуынша, күзет компаниялары өз қызметкерлерін кәсіби дайындауға, атап айтқанда, дене жаттығуы, өртке қарсы және медициналық дайындықтан өткізуге міндетті. 
Сонымен қатар лаңкестік қауіптерге әрекет ету бойынша сабақтар топтамасы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру