Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы мәлімдеме жасады

Алматы полициясы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына бағыттап сөз сөйледі.

– Құрметті балалар! Сіздерді Алматы қаласының Полиция департаменті атынан 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын! Сіздерді ұзақ демалыстан кейін әдемі, бақытты, ең бастысы дені сау болып көргенімізге қуаныштымыз. Сіздер ересектердің саналы өміріне қадам басып отырсыздар. Бүгінгі күні Алматы жолдарында күрделі жағдай қалыптасып отыр, өкінішке орай, балалар жол-көлік оқиғаларынан зардап шегуде және қайтыс болуда. Биылғы жылдың басынан бері балалардың қатысуымен 611 жол-көлік оқиғасы орын алды. 4 бала қайтыс болды, тағы 666 бала жарақат алды. Бір баланың қаза болуы – біз үшін, бүкіл қоғам үшін үлкен қайғы. 1 қыркүйектен бастап патрульдік полиция инспекторлары, балалардың мектепке қауіпсіз жол жүруін қамтамасыз ету үшін білім ошақтарының жанындағы қиылыстарда кезекшілік етуде. Жүргізушілерге бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да коммуникация ресурстары арқылы көлік жүргізу уақытында қауіпсіздік белдіктерін және балаларды ұстағыш құралдарды қолдану, жаяу жүргіншілер өткелдері орналасқан жерлерде жол қозғалысы ережесін сақтау, қала жолдарында белгіленген жылдамдықтан аспау керектігі туралы үнемі ескертіледі, – деді Алматы қаласы полициясының басшысы.

Сонымен қатар, баяндамашы бұл күндері Алматы қаласында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған «Назар аударыңыз, балалар!» жалпыұлттық профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқанын айтып өтті.

– Оқу процесі басталмай тұрып-ақ тиісті қызметтер жол желісін зерттеу жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде жол таңбалары жаңартылды, жол белгілерінің саны көбейтілді, бағдаршам көрінісін шектейтін бұтақтарды кесу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жоспарланған іс-шаралар, егер де ата-аналар шетте қалмаса, максималды пайда әкелуі мүмкін. Баланың өмірі мен денсаулығын ойлайтын әрбір адам, оқу жылы басталғанға дейін онымен бірге үйден мектепке дейін жаяу жүруге уақыт тауып, қауіпсіз жолды таңдап, көрсетуі керек, жолды, қиылысты тәуекелсіз кесіп өтуді, қоғамдық көлікті пайдалануды айтуы керек, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру