Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы “Мигрант” іс-шарасын қорытындылады

Алматы полициясы “Мигрант” іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда “Мигрант” іс-шарасы аяқталды. 31 шілде мен 3 тамыз аралығында қалада “Мигрант” жергілікті жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйіне бақылауды күшейту, көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу.

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзу деректері бойынша шетел азаматтарына қатысты 551 әкімшілік хаттама толтырылды. Халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін ҚР-ның 168 азаматы жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан 24 жұмыс беруші азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар 67 шетелдік сот шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру