Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы “Назар аударыңыз, балалар!” іс-шарасын өткізіп жатыр

Алматы полициясы “Назар аударыңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, сондай-ақ көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс, балалар мен жасөспірімдерді тұрақты тұратын жерлеріндегі және оқу орындарындағы көліктік ортаға бейімдеу бойынша дағдыларды бекіту мақсатында 20-30 мамыр аралығында “Назар аударыңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

– Алматы – көлік саны мен көлік қозғалысы көп қалалардың бірі. Қалада 215 жалпы білім беретін мектеп бар, олардың оқушылары оқу үрдісінде жол қозғалысы ережелері мен жолда өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы да білім алып, кейбіреулері профилактикалық іс-шараларға белсене қатысты. Естеріңізге сала кетейік, жаңа оқу жылы басталар алдында инспекторлар, әдетте, барлық мектепте жол белгілерінің бар-жоғын тексереді. Мұндай кешенді шаралар балалардың жол-көлік жарақатының деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік берді, бұл ең кішкентай жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жақсы әсер етеді, – деді Алматы полициясы.

“Назар аударыңыз, балалар!” іс-шарасы барысында, Алматы полициясының қызметкерлері балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, оның ішінде көлік жүргізушілері арасында ауқымды тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатыр. Арнайы буклеттер әзірленіп, басып шығарылды. Олар жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары арасында таратылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру