Алматы полициясы Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген азаматтарды елдеріне жіберді
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Өзбекстан мен Тәжікстанның 48 азаматы елдеріне жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы мақсатта Алматы полициясы мемлекеттік шекараға дейін жету үшін автобуспен қамтамасыз етті.
Бұған дейін бірнеше рет хабарланғандай, осы күндері қалада ҚР-да заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтауға және заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған «Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
– Іс-шараның үш күнінде Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 464 шетелдік жауапқа тартылса, олардың 88-і сот шешімімен елден шығарылды. Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тағы 237 шетел азаматы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында заңды болуын қамтамасыз етпеген 128 отандасымызға қатысты әкімшілік шара қолданылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.