Алматы полициясы пәтер алаяғын ұстады
Алматы полициясы пәтер алаяғын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жолы Жамбыл облысының 23 жастағы тұрғыны «ерекшеленді». К.есімді азамат пәтерлерді сағат сайын жалға алған, содан кейін төмен бағамен тәулікке жалдау туралы қайта хабарландыру орналастырды және бұл пәтерді қайта жалға берді.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық әрекеттерді жасаған күдікті ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша тергелуде. К.есімді азамат та осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Күдіктінің бірнеше рет заңға қайшы әрекеттері болғанын ескере отырып, осы адамның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.