Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы пәтер ұрыларын қолға түсірді

Алматы полициясы пәтер ұрыларын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматыда ұсталған қылмыстық топтың кем дегенде үш пәтер тонағандығы дәлелденді.

– Екі қаскөй де 31 жаста. Оларды полицияның арнайы жасағының көмегімен біздің бөлімшенің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұстады. Орындаушы – Б.есімді азамат. Оның жүргізушісі – Т.есімді азамат. Үнемі қырағы болды: ол көлікте отырды және кішкене қауіп төне қалса, ескертуі керек болды. Қылмыс жасау тізбегі стандартты: күдіктілер аулаларды аралап, көпқабатты үйлердің терезелері мен кіреберістерін қарап жүрген. Олар кіреберіске кіріп, кілтті таңдау арқылы пәтерге кіретін есікті ашты және құнды нәрселердің бәрін алып шықты. Соңғы дерек Қабдолов көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұсталғандардың екеуі де бұрын ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеген. Қазіргі уақытта күдіктілердің жалпы Алматы қаласы бойынша үш пәтер тонау дерегіне қатысы бар екендігі анықталды. Қаскөйлер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру