Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы пәтер ұрыларын ұстады

Алматы полициясы пәтер ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Екі ер адам қаланың әртүрлі аудандарында бөтен пәтерлерге кіріп, бағалы заттарды ұрлап жүрген. Қазіргі уақытта «қылмыстық дуэтте» бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша үш эпизод бар.

– Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Терезелерді ашу арқылы пәтерлер мен үйлерге кірген. Жеке сектордағы үйлердің бірінде көліктің есігін ашып, ішіндегі ақшаны ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта Әуезов, Медеу және Бостандық аудандарында жасалған үш ұрлық дерегі дәлелденді. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінің көлігін тінту кезінде одан 9 мм калибрлі Макаров жүйесінің жауынгерлік тапаншасы, 23 дана көлеміндегі оқ-дәрі табылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Дидар Ахановтың айтуынша, күдіктілерді ұстау іс-шарасын криминалдық полиция, Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері және полицияның арнайы жасағы жүргізген.

– Ұрылардың соңғы қылмысы нәтижесінде алматылық азаматтың пәтерінен алтын бұйымдары мен ақшасы жоғалып кеткен. Ұсталған адамдар заттай айғақтардан құтылып үлгермеді. Заттар тұтқындау кезінде тәркіленді және қылмыстық іске қосылды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айтпақшы, күдіктінің бірі – 1983 жылы туған М.есімді азамат. Бұрын да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталған, ал оның сыбайласы – 1991 жылы туған Я.есімді азамат. Ол дам өлтіргені үшін жазасын өтеп келген, – деді Дидар Аханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру