Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қалалық спартакиадада жеңіске жетті

Алматы полициясы қалалық спартакиадада жеңіске жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық шараны Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге орай ұйымдастырды.

– Спартакиада мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылды. Жарыс спорттың жеті түрінен – шағын футбол, үстел теннисі, гір көтеру, армрестлинг, шахмат, волейбол және жеңіл атлетика бойынша өтті. Спорт мерекесіне барлығы 20 ұлттық құраманың құрамында 400 адам қатысты. Полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жеңіске жетті. Ал бұл жалпы күнделікті жұмысымызда жедел-қызметтік тапсырмаларды ойдағыдай орындауға септігін тигізетін ұжымдық жұмыстың, табандылықтың, төзімділіктің және жақсы дайындықтың арқасы, – деді Алматы қалалық ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерлан Әбсадық.

Әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Алматы қаласы полиция департаментінің командасы, екінші орынды Алматы қаласы бойынша ТЖД командасы, үшінші жүлделі орынды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің қызметкерлері иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру