Алматы полициясы қарақшылардың екі тобын әшкереледі
Алматы полициясы қарақшылардың екі тобын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 19-20 жастағы жастар түнгі уақытта тонаумен айналысқан.
– Олар қаланың орталық бөлігінде екі адам болып жұмыс жасаған. Тек жалғыз өтіп бара жатқан адамдарды тонады: олар ақшаны, ұялы телефондарды, гаджеттерді және басқа да бағалы заттарды тартып алып жүрді. Төрт айыпталушының біреуі бұрын да осындай қылмыспен жауапқа тартылған. Күдіктілер қамауға алынды. Олардың жеке басының басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деді Алмалы аудандық Полиция ьасқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.