Алматы полициясы «Қауіпсіз жол» іс-шарасына дайындалып жатыр
Алматы полициясы «Қауіпсіз жол» іс-шарасына дайындалып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 17-19 ақпан аралығында карантиндік шаралар мен полиция қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігін сақтай отырып, жол-көлік оқиғаларын алдын алу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, мүдделі мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның қатысуымен.
– ЖАІ кезеңінде патрульдік полицияның тығыздығын арттыру, жол ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты күшейту жоспарлануда, көлік құралын мас күйінде басқаруға, жылдамдықты сақтауға, басып озу ережелері, қарсы бағыттағы қозғалыс, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, жолаушылар мен ауыр жүктерді тасымалдау, қоғамдық көлік жүргізушілерінің сапар алдындағы медициналық тексеруден өтуі, қауіпсіздік белдіктері мен балаларды қорғағыштарын пайдалану және т.б.баса назар аударылатын болады. Бұл ретте көліктік бақылаудың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, тасымалдаушылардың ірі габаритті және ауыр жүктер тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз ететін шаралар қабылданатын болады, – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Сонымен қатар, спикердің айтуы бойынша, ЖАІ күндері жұмыстарды белгілеу бойынша шараларды қабылдай отырып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдардың және жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтардың қауіпті учаскелеріне тиісті бағыттаушы және күзет құралдары, жол белгілері (жарық диодты) бар аймақтарға қосымша зерттеулер жүргізілетін болады.
– Осы онлайн-формат аясында білім беру басқармаларының басшылары, білім беру мекемелерінің директорлары, көлікті бақылау өкілдерінің қатысуымен балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша, атап айтқанда, балалар жарақаттарының алдын алу және ескерту мәселелері бойынша кездесулер өткізіледі, – деді Мұраталиев.