Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қылмыстың құрбаны болмаудың жолдарын айтты

Алматы полициясы оқушыларға қылмыстың құрбаны болмаудың жолдарын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау министрлігінің бірлескен отырысында ІІМ басшысы Марат Ахметжанов еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Құқықтық жалпыға бірдей білім беру» жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

1 қыркүйек – Білім күніне орай Алматы қаласының жоғары сынып оқушыларына арналған білім беру бағдарламасы өтті.

– Бүгін біз, үлкендер, мектеп партасында отырғандарыңызға қызғанышпен қараймыз. Өйткені, мектептегі оқу жылдары адам өміріндегі ең қызықты, ең қарқынды және ұмытылмас кезең, сонымен қатар ең жауапты екендігі сөзсіз. Бүгінгі таңда табысты мансап пен барлық мағынада жақсы өмір сүрудің негізіне айналып отырған осы білім. Бүгін біз сіздерге құқықтарыңызды қорғауға бағытталған заңнамадағы негізгі өзгерістер, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас, есірткіні тұтынудың денсаулыққа зиянды әсері, сондай-ақ қылмыстың құрбаны болмау және өз құқықтарыңызды қорғау үшін қайда жүгіну керектігі туралы айтып береміз, – деді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Спикердің айтуынша, денсаулыққа зиянды әсер ететін синтетикалық есірткіні алғаш қолданған кезден бастап тәуелділік туғызатындықтан, жастардың есірткі қолдану ауқымы айтарлықтай өсті.

– Елестетіп көріңізші, үш жыл ішінде бұл есірткіні тәркілеу көлемі 6 келіден 140 келіге дейін өсті. Үш жыл ішінде полиция қызметкерлері 41 есірткі зертханасын, ал тек биылдың өзінде 23 зертхананы жойды. Психоактивті заттарға тәуелді науқастармен айналысатын дәрігерлер, оларды қолданудың психикалық және медициналық салдары ауыр болатынын, қалпына келтіру үшін жылдар қажет екендігін, кейде өзгерістер қайтымсыз болатынын айтады. Есірткі сатып алуға ақша табу үшін жасөспірімдер ұрлық, тонау, жезөкшелікпен айналысуы немесе құрдастары арасында психоактивті заттарды тарататын шағын саудагерлерге айналуы мүмкін. Көбінесе мұндай іс өзіне кезекті дозаны табу үшін қаңғыбастықпен аяқталады. Біз мұндай деректердің алдын алу үшін барлық шараларды қолданамыз. Түсіндіру әңгімелерінен бөлек, қатаң шаралар да қабылдануда, – деді Сейсенұлы.

Алматы полициясы қылмыстың құрбаны болмау үшін келесі сақтық шараларын қолдануды ұсынады:

– қайда бара жатқаныңызды әрқашан ата-анаңызға және достарыңызға хабарлаңыз;

– бейтаныс адамдардан сыйлық алмаңыз;

– егер біреу сізге еріп жүруді ұсынса немесе ол сізді бір жерге шақырса, ата-анаңыздан рұқсат алыңыз;

– бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз, олардың сұрақтарына жауап бермеңіз;

– бейтаныс адаммен кіреберіске кірмеңіз;

– егер көліктегі адамдар сізден бір жерге қалай жету керектігін сұраса, жақындамаңыз және ешбір жағдайда, тіпті жолыңызда болса да, олармен еріп баруға келіспеңіз.

Өзіңізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалып жатыр деп ойласаңыз, дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру