Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы «қызыл төлқұжат» иесіне жаңа құжат дайындады

Алматы полициясы «қызыл төлқұжат» иесіне жаңа құжат дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл – 53 жастағы Алматы тұрғыны Артур Губайдуллин. Кешегі күнге дейін ер адам КСРО-ның құжатымен өмір сүрді.

– Мен қызыл төлқұжатпен өмір сүрдім, оны уақытында өзгертпедім, содан кейін өзгертуге қорықтым. Жиналдым, Алматы қаласының көші-қон полициясына келдім. Мен көші-қон қызметіне алғыс білдіргім келеді. Шынымен де мамандар жұмыс істейді, қысқа уақыт ішінде бәрін жасады. Енді мен қоғамның толық мүшесімін деп айтуға болады, – деді Артур Губайдуллин.

Көші-қон қызметі қорытындыға сәйкес Губайдулин Қазақстан Республикасының азаматы болып танылғанын және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігімен құжатталғанын нақтылады.

– Реттелмеген мәртебесі бар азаматтарға арналған науқан басталғаннан бері Көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының жеке куәлігін бұрынғы 1974 жылғы төлқұжатымен өмір сүрген 59 азаматқа берді. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда. «Қызыл төлқұжаттары» бар азаматтар, Қазақстан Республикасының жеке куәліктерін алу үшін көші-қон қызметі бөлімшелерімен байланысуыңызды сұраймыз, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚ бөлімінің бастығы Жанна Жақыпбаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру