Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы шағын футболдан турнир өткізді

Алматы полициясы шағын футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПД бөлімшелері арасында ұйымдастырылған турнир “Абай” стадионында өтті. Оған 15 команда қатысты, яғни 180 қатысушы.

– Әр уақытта дене шынықтыру және спорт полиция қызметкерлеріне жедел-қызметтік тапсырмаларды сәтті орындауға ықпал ететін жаңа дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Бүгінгі ойын жарқын әрі қызық болды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды Алматы қаласы ПД аппаратының құрама командасы иеленді. Ал 2-орынды ЖҚАЖ командасы жеңіп алды. Жүлделі 3-орын Түрксіб аудандық полиция басқармасының командасына бұйырды.

Ерекшеленген қызметкерлерге сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда, “Үздік қақпашы” номинациясы бойынша Түрксіб аудандық ПБ-ның жедел уәкілі Балабек Алмас ерекшеленді. “Үздік қорғаушы” Алмалы ауданы ПБ-ның аға тергеушісі Ахмет Заманбек атанды. Ал “Турнирдің үздік ойыншысы” атағы ЖҚАЖ аға инспекторы Демесін Дінасылға берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру