Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы шаһар жолдарында ауқымды іс-шара жүргізеді

Алматы полициясы шаһар жолдарында ауқымды іс-шара жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 8 қарашада басталып, 17-не дейін жалғасады.

– «Қауіпсіз жол» ЖАІ-на байланысты Алматы қаласының патрульдік полициясы бақылау және алдын алу іс-шараларын, жол қозғалысын қадағалауды күшейтеді. Жедел алдын алу іс-шаралар өткізілетін күндері жеке құрам күшейтілген қызмет көрсету нұсқасына ауыстырылады, бұл ретте нарядтардың тығыздығы артады. Шараның басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың жолдағы тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерінің жолын кесу, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамайтын жүргізушілерді анықтау, – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Кең ауқымды іс-шара барысында полицейлер әйнектері караңғыланған, жалған тіркеу нөмірлері бар көліктерді пайдалану, көлікті мас күйінде жүргізу, СГУ және жыпылықтайтын маяктарды орнату, белгіленген жылдамдықты асырып жіберу, басып озу, қарсы бағытқа өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін кесіп өту және басқа да жол жүру ережелерін бұзу фактілерінің жолын кесу.

– Сонымен қатар, қоғамдық көлік және такси парктерінің қызметі ерекше бақылауда болады. Осыған байланысты қалалық автокәсіпорындар өкілдерімен жоспардан тыс кездесулер жоспарланған, онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар мәселелер талқыланады, – деді Алмасбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру