Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы шетелдік азаматтарға арналған бейнероликті ұсынды

Биыл 12 мамырынан бастап өтпелі кезең төтенше жағдай аяқталғаннан кейін екі ай мерзімге енгізіледі, оның барысында осы режимнің әрекет ету мерзімі аяқталған бірқатар құжаттар өз күшінде қалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төтенше жағдай кезінде ҚР аумағында уақытша болған және белгіленген мерзімде елден шыға алмай қалған шетелдіктерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген санкциялар қолданылмайды.

2020 жылдың 10 шілдесіне дейін олар қосымша құжаттарды толтырмай елден шыға алады.

Қазақстан Республикасында болғысы келетін шетелдіктердің мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ауыстыруға, сондай-ақ олардың заңды мәртебелерін реттеуге құқығы бар.

Қабылдаушы тараптың өтініші бойынша және осы жылдың 1 ақпанына дейін келген шетелдік үшін елде уақытша тұруға арналған рұқсат беріледі:

Жергілікті атқарушы орган берген жұмысқа рұқсатымен жұмыс істеуге;

ЕАЭС азаматтары үшін (Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы) – қызмет көрсетуге арналған еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық келісім-шарт.

Отбасын біріктіру үшін – отбасылық байланыстарды растайтын құжаттар:

– кемінде 3 жыл үйленген жұбайы (зайыбы);

– 18 жасқа толмаған, оның ішінде асырап алынған, үйленбеген және асырауындағы және (немесе) шетелдіктердің қамқорлығында тұрған балалар;

– денсаулығына байланысты себептер бойынша 18 жастан асқан, үйленбеген, өздерін қамтамасыз ете алмайтын балалар;

– шетелдікке тәуелді мүгедек ата-аналар;

– асырау міндеттелген отбасы мүшелері.

Сондай-ақ, қабылдаушы тараптың өтініші бойынша шетелдіктер емделуге, оқуға, іскерлік, миссионерлік жұмыстарға тұруға, сонымен қатар тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш білдірген адамдарға тұруға рұқсат ала алады.

Визаның негізінде келген немесе визасы аяқталған шетелдіктер шақырушы тараптың өтініші бойынша және себептер болған жағдайда оның қолданылуы (жұмысқа рұқсат, инвестициялық уәкілетті органның жазбаша растауы, қызмет көрсетуге келісім-шарт және визаны ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар) ұзартылады.

Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасына келу және болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі, қабылдаушы тараптың өтініші бойынша Қазақстан Республикасына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін келген және егер себеп болса, елден шықпай-ақ тиісті визаны алуға құқылы.

Сонымен қатар, еңбек мигранттары патенттерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шықпай-ақ және тиісті өтініштерді беру мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпай өтініш бере алады.

Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін, 2020 жылдың 11 шілдесінде, Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесін орнатпаған шетелдіктерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

Қазіргі уақытта, 2020 жылдың 25 мамырынан бастап, Алматы қаласында азаматтарға ыңғайлы болу және Алматы қаласында үлкен кезектерге жол бермеу үшін Көші-қон қызметтерін ұсынатын екі орталық жұмыс істейді:

1. Көші-қон қызметтерінің орталығы – «Нұркент» шағын ауданы 5 үй 20-22 ғимарат.
2. «Шұғыл» шағын ауданының Көші-қон қызметі орталығы, 347/2.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру