Алматы полициясы синтетикалық есірткінің зияны туралы 300-ден астам дәріс оқыды
Алматы полициясы синтетикалық есірткінің зияны туралы 300-ден астам дәріс оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудитория – жоғары сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері.
– Білім беру ұйымдарында есірткіге қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және онымен күресу мақсатында алдын алу іс-шаралары тұрақты жүргізілуде. Тиісті тақырып бойынша дәрістер әзірленіп, қатысушыларға, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің мерзімді әскери қызметшілеріне құқықтық тәрбие беру аясында бейнероликтер дайындалып, 12 қалалық тақта ілініп, буклеттер мен плакаттар шығарылды және таратылды. Бұл көрнекі өнімдер қаладағы 75 LED-экран мен 59 билбордқа таратылған. Жыл басынан бері мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында дәрігерлермен және ҮЕҰ-мен бірлесіп 294 семинар, дәрістер, спорттық жарыстар және алдын алу іс-шаралары өткізілді. Оларға 21 мыңнан астам адам қатысты, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
НИМ-де тағы бір құқықтық білім беру бағдарламасы өтті. Жедел уәкілдер жастарға есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, болдырмау, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және сол тектестердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу және психоактивті заттарды тұтынудың адам ағзасына тигізетін кері салдарының әсері, сондай-ақ электронды темекі, энергетикалық сусындарды пайдаланудың зияны талқыланды.