Алматы полициясы студенттерге мопедтер мен самокаттарды пайдалану ережелері туралы дәрістер оқыды
Алматы полициясы студенттерге мопедтер мен самокаттарды пайдалану ережелері туралы дәрістер оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер “М.Тынышпаев атындағы АLT университеті” АҚ-да білім беру дәрісін жүргізді.
Тәртіп сақшылары студенттерге мопедтер мен самокаттарды дұрыс және ең бастысы қауіпсіз пайдалану туралы айтып берді, сонымен қатар екі доңғалақты көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының жантүршігерлік кадрларын көрсетті.
– Көбінесе бұл жол-көлік оқиғалары қайтымсыз салдары бар қайғылы оқиғаларға әкеледі. Осы жылдың 8 айында ғана Алматыда мопедтердің қатысуымен 523 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 535 адам жарақат алып, 11 адам қаза тапқан. Ал шаһарда самокаттардың қатысуымен 69 апат орын алған. 75 адам зардап шекті. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Жеке мобильді құрылғылар – мопедтер, самокаттар және скутерлер – қалада әлі де танымал болуда. Бірақ, өкінішке қарай, көліктің бұл түрін жүргізу кезінде екі доңғалақты көлікті пайдаланушылардың көпшілігі жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтамайды немесе оларды жай ғана елемейді. Біздің міндетіміз – бұқараға жол қатені кешірмейтіні туралы маңызды хабарды жеткізу. Мақсатты аудитория үшін біз дәрістер, жетекшілік кездесулер, тренингтік сабақтар, әлеуметтік роликтер жасаймыз және көрсетеміз, көрнекі иллюстрацияланған жадынамаларды таратамыз, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Сондай-ақ спикер, жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының және ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабының талаптарын бұзғаны үшін 19 мың 823 мопед жүргізушісі және 17377 электросамокат пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1500-ден астам мопед қойылған.