Алматы полициясы терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту туралы еске салды
Алматы полициясы терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту туралы еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық Полиция департаменті тұрақты түрде терроризмге осал нысандардың (ТӘО) терроризмге қарсы қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастыру саласындағы жұмыстарды, сондай-ақ, олардың басшыларымен және иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша қалада 1 мың 681 ТӘО нысаны бар. Тексерілген нысандардың қауіпсіздік ұйымдарының өкілдерімен бірге ТӘО нысандарының антитеррорлық қауіпсіздігінің бұзылуын болдырмау мақсатында 272 басшылармен онлайн-форматта оқыту сабақтары арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ТӘО нысандарының антитеррорлық қауіпсіздігінің бұзылуын болдырмау үшін меншік нысанына қарамастан қауіпсіздік ұйымдарының басшылары, меншік иелері мен күзет ұйымдарының өкілдері жеке құраммен оқу сабақтарын өткізуді қамтамасыз етуі керек:
– «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 13 шілде 1999 жылғы No416-VI Заңы;
– «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы No 325-VI Заңы;
– лаңкестік шабуыл кезіндегі ТЭО нысандарының лауазымды адамдарының, басшыларының және қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы жадынама.