Алматы полициясы тонау, ұрлық қылмыстарын жасаған Тараз тұрғынын құрықтады
Алматы полициясы тонау, ұрлық қылмыстарын жасаған Тараз тұрғынын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағында жасалған бірқатар қылмыс жасады деген күдікпен 35 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Полицияға азаматтардан тонау, ұрлық және 6 бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша бірнеше арыз келіп түскен.
– Күдікті тонауды үйлердің бірінің кіреберісінде жасаған. Ол үйіне қайтып келе жатқан қыздың қолынан телефонын тартып алған. Ал көлік ұрлығын ол түнде жасаған. Daewoo Nexia автокөлігінің есігін ашып, түнде қаланы айналып шықпақ болды. Бірақ ұрланған көлікпен ЖКО-ға ұшырап, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдікті кеңселер мен дүкендерден ұрлық жасаған: қолына түскеннің бәрін – телефондарды, әмияндарды, планшеттерді алып кеткен. Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде бұрын сотталған 35 жастағы С.есімді азамат ұсталды және қамауға алынды. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің 8 қылмыстық эпизодқа қатысы бар екені анықталды, – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Батуржан Абдумасаров.
ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін еске салды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.