Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ұры мен алаяқты қолға түсірді

Алматы полициясы ұры мен алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері кем дегенде бес ұрлық пен алаяқтық жасаған 26 жастағы Б.есімді азаматты ұстады.

– Ол полицияға мобильді қосымша арқылы ақша аудару бойынша бірнеше арыз түскеннен кейін ұсталды. Тізбек мынадай болды: жігіт қоңырау шалу үшін адамдардан телефон сұрайды, сосын жәбірленушінің телефонынан қосымша арқылы өзіне ақша аударады. Сондай-ақ, таксиге мінген адам белгілі бір мекенжайға келіп, қоңырау шалу үшін такси жүргізушісінің телефонын алып, кіреберіске кіреді, ол жерден басқа шығу жолы арқылы қашып кеткен эпизод та бар. Қазіргі уақытта ұсталған адамға бес факті бойынша айып тағылып отыр. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 500 мың теңгеден асты, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.


Бұрын екі рет сотты болған күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаскөй өз кінәсін мойындап, бұл қылмыстарға өзінің қатысы барын растады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы және 190-бабы 1-бөлігі бойынша тергелуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру