Алматы полициясы ұрыларды ұстады
Алматы полициясы ұрыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматының Түрксіб ауданында ұрлық жасады деген күдікке ілінген екі азамат ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, бірер сағаттың ішінде жігіттер қаланың әр ауданында екі қылмыс жасаған.
Түнгі уақытта қаскөйлер өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасады: оның басынан ұрып, үш телефон мен ақша салынған сөмкені алып кетті. Бірнеше сағаттан кейін күдіктілер дәл осындай қылмысты қаланың төменгі бөлігінде жасады.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында біздің бөлімшенің учаскелік инспекторлары бағдардан алынған белгілер бойынша күдіктілерді ұстады. Олар – 1993 жылы туған А.есімді азамат және 1990 жылғы К.есімді азамат. Олардың бірі Астана қаласында бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін іздеуде болған. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған заттар: телефондар, қол сағаттар және ақша айғақ ретінде қылмыстық іске қосылды, – дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.