Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы вейп саудасы үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді

Алматы полициясы вейп саудасы үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы электронды темекі түріндегі тыйым салынған өнімдерді сату деректерін анықтау үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қадағалап отыр.

– Өткен айда Алматы “Киберпол” қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында вейп саудасымен айналысқан 5 адамды ұстады. Түрлі өндірушілердің 10 мыңнан астам бір реттік темекісі тәркіленді.

Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сатушылар мен осы өнімді жеткізуге қатысы бар адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 301-1 бабы бойынша темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды өткізу және тарату бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру