Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы "Video-гид" жаңа ақпараттық жобасын іске қосты

Алматы полициясы "Video-гид" жаңа ақпараттық жобасын іске қосты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнеблогты журналист Флора Алиева жүргізеді. Ол азаматтардың көкейкесті сұрақтары мен өтініштеріне жауап беру, сондай-ақ, тұрғындарды Алматы қаласының полициясымен байланыс арналары туралы хабарлау мақсатында құрылған.

- Мен журналистпін. Бірақ алдымен - белсенді азаматтық ұстанымы бар өз елімнің патриотымын және өзім тұратын қаладағы қауіпсіздік мәселелеріне бей-жай қарамаймын. Мен Алматы полициясының азаматтарға байланыс және мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша гид болу туралы өтінішіне қуана-қуана келістім. Адамдарда клиптік ойлаудың қарқынды дамуын ескере отырып, өзекті тақырыптар бойынша қысқа бейне нұсқаулар қажет нәрсе деп ойлаймын. Айтпақшы, көрермендер тақырыптарды өздері ұсынады, - деді Флора Алиева.

Алғашқы шығарылым жергілікті инспектормен қалай байланысуға болатындығы туралы. Жүргізуші мұны тез орындау үшін төрт тиімді әдісті ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру