Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктіні анықтады

Алматы полициясы зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнеткердің туыстары қылмыскерді қолға түсіргені үшін полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, Қарасу ықшам ауданында әйелді қорғауға тырысқан егде жастағы ер адамды белгісіз біреу пышақтап, әмиянын алып кеткен.

– Бірнеше күн бойы жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан жәбірленуші түсінік бере алмады. Біз оның денсаулығына және тергеу бұл қылмысты “ізін суытпай” ашуға болатын алтын уақытты өткізіп алған болуы мүмкін деп алаңдадық. Жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында күдікті ұсталып, қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.

– Жетісу аудандық ПБ мен ПД-ның қызметкерлері Құмарбек Кеншінбаев, Жәнібек Құдайбергенов, Мәулет Өмірбаев, Олжас Тікей, Әнуар Ақабеков, Қуаныш Ақманбетов және А.Алмастың кәсіби және адамгершілік қасиеттері жайлы Алматы полициясының басшылығына айтуды өзімнің азаматтық борышым деп санаймын. Сіздің қол астыңыздағы қызметкерлеріңіздің арасында осындай полиция қызметкерлерінің көп болуын шын жүректен тілеймін, – деді зардап шеккен тараптың өкілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру