Алматы полициясы жалған композиторды ұстады
Алматы полициясы жалған композиторды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі хабарлағандай, 30 жастағы ер адам, ұжымдық арызбен жүгінген бірқатар музыканттарға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
– Азаматтардың арызынан белгілі болғандай, 30 жастағы Ы.есімді азамат, өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген. Күдікті ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.