Алматы полициясы жастарға арнап «Еркін қозғалыс» тақырыбында іс-шара өткізді
Алматы полициясы жастарға арнап «Еркін қозғалыс» науқанын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полиция департаменті қала әкімдігімен, шерингтік компаниялармен және мотоцикл мектебімен бірлесіп Абай алаңында «Еркін қозғалыс» науқанын өткізді.
Шара жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
– Науқанның мақсаты – пайдаланушыларды электросамокаттарды, мотоциклдерді және мопедтерді дұрыс және қауіпсіз жүргізуге үйрету, сондай-ақ оларды пайдалану ережелерін түсіндіру. Іс-шараға белгілі әртістер мен эстрада жұлдыздары тартылды, олар өздерінің шығармашылықтары арқылы жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ-ні қатаң сақтауға шақырды. Өйткені бұл – олардың қауіпсіздігінің кепілі, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара бағдарламасында қызықты сұрақ-жауаптар, ойындар мен флешмоб болды.