Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жолаушылар көлігін тексеріп жатыр

Алматы полициясы жолаушылар көлігін тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полиция департаменті 10-16 маусым аралығында “Қоғамдық көлік” жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. Бұл іс-шара көлік құралымен жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын жүргізушілердің көлік және еңбек тәртібін арттыруға, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану деректерін анықтауға, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуге бағытталған.

– Біріншіден, қоғамдық көлік жүргізушілеріне үндеу тастап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жолаушыларға сыпайы және дұрыс қарауды ескертеміз. Сізге адамдардың өмірі сеніп тапсырылғанын және олардың қауіпсіз, ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуге міндетті екеніңізді есте сақтаңыз. Сонымен қатар ҰБТ-ға, экскурсияға және туристік сапарларға балаларды тасымалдау кезінде ұйымдасқан топтарды тасымалдау ережелерінің талаптарын сақтау қажеттігін еске саламыз. Балаларды көлікте тасымалдау кезінде оларды ұстайтын құралдарды және автокөлік орындықтарын пайдалану қажет, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ спикер көліктің кез келген түрін басқарған кезде жан-жаққа алаңдамау және телефонды қолданбау керектігін еске салды. Бұл жол-көлік оқиғаларын болдырмауға мүмкіндік беретінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру