Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін тексеріп жатыр

Алматы полициясы жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері қалада жолаушылар көлігінің қатысуымен 173 жол-көлік оқиғасы болды, соның салдарынан 5 адам қаза тапты, тағы 212 адам жарақат алған.

– Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары жүргізушілерінің Жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жұмыс және демалыс режимін сақтау және ұйқышылдықты жеңудің қарапайым ережелері туралы. Мысалы, бірнеше дене жаттығуларын, салқын сумен жуыну, жылытатын сусындар – шай, кофе және басқа да қажетті дүниелерді ұсынамыз. Қарапайым дүние сияқты көрінгенімен, бұлар жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар автокөлік кәсіпорындарының басшылары мен медицина қызметкерлеріне көлік жүргізушілерінің шаршау дәрежесін анықтау үшін күнделікті тексеруден өткізу ұсынылады, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру