Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ЖҚАЖ қызметкерлерін зейнетке шығарып салды

Алматы полициясы ЖҚАЖ қызметкерлерін зейнетке шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөлімшесінде ұзақ жылдар бойы Отан игілігі үшін адал да шынайы қызмет еткен сарбаздар құрметті демалысқа шықты.
Қызмет барысында олар өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқаратын орындаушы, тәртіпті қызметкер екенін көрсетті.

Өмірінің бір бөлігін ішкі істер органдарында қызмет етуге арнаған ІІО-ның құрметті ардагері Амантай Күренбеков ЖҚАЖ жауынгерлеріне алғыс пен құрметін білдірді.
Қызметкерлерге адалдығы, кәсібилігі, ержүректілігі үшін алғысын айтып, зор денсаулық, сарқылмас қуат, оптимизм және рухани жайлылық тіледі. Сондай-ақ спикер ардагерлердің тәжірибесі полиция қызметкерлерінің өскелең ұрпағы үшін үлгі-өнеге екеніне тоқталды.

Зейнеткерлікке шығарып салудың игі дәстүрі қызметкерлердің бойында адалдық пен еңбекқорлық, еңбексүйгіштік пен табандылық сияқты қасиеттерді нығайтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру